Біздің университетіміздің оқытушылары енді The George Washington University (2), University of Massachusetts Amherst (1) және Heriot-Watt University (1) базасында келесі жылдан бастап ғылыми зерттеулер жүргізеді.
Оқытушы-профессорларымызды «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері болуымен шын жүректен құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысның қолдауы және тапсырмасымен жыл сайын еліміздегі 500 ғалым «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өте алады.