Нархоз студенті Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шәкіртақысына ие болды!
«Менеджмент және маркетинг» ҒБД 4 курс студенті Анастасия Скопцова Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шәкіртақы байқауында жеңіске жетті! 2020 жылдың 25 мамыры мен 5 қыркүйегі аралығында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры студенттердің шәкіртақы байқауын өткізді, оған елдің түкпір-түкпірінен студенттердің өтініштері қабылданды. Іріктеудің негізгі критерийлері: - кемінде екі оқу курсын сәтті аяқтау; -академиялық үлгерімнің ең жоғары көрсеткіштері бар; -оқу орнының, қаланың және республиканың қоғамдық, ғылыми-зерттеу және практикалық қызметіне белсенді қатысу. Анастасияға оқу мен мансапта сәттілік тілеп, құттықтаймыз!
Анастасиясың ғылыми жетекшісі- “Менеджмент және маркетинг” ҒБД-нің Қауымдастырылған профессоры, э.ғ.к. Жанар Дюсембекова