Жаңалықтар

Нархоз университеті "КВН Қазақстан Одағы" РЖҚБ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2024 жылдың 7 қарашасында Нархоз университеті мен Республикалық жастар қоғамдық бірлестігі «Қазақстан КВН Одағы» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Құжатқа Алматы филиалының директоры Оңдасын Құлымбетов пен Нархоз Университетінің Президенті Қанат Қожахмет қол қойды.
Меморандум орта білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды нығайтуға, жастардың белсенділігі мен қатысуын арттыруға бағытталған. Ынтымақтастық аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында «Жайдарман» ойындары жүйелі түрде ұйымдастырылады.
«Жайдарман» жобасында командалар әзіл-оспақ пен тапқырлық бойынша жарысып, импровизация және актерлік шеберліктерін шыңдайды.