Жаңалықтар

Career Time Festival Нархозда өтті

Алматы студенттерінің апталығы аясында, Халықаралық студенттер күніне (17 қараша) орай Нархоз
университетінің карьераны дамыту бөлімі, Қалалық карьера орталығы және Алматы қаласының Жастар
саясаты басқармасы бірлесе отырып, студенттер, түлектер мен жұмыс берушілер үшін жаңа
мүмкіндіктерді ашатын CareerTime Festival кәсіби бағдарлау көрмесін ұйымдастырды.
Іс-шара барысында 30-дан астам жетекші компаниялардың (MARS, LG, BI Group, Jusan Bank,
Казахтелеком және басқалар) жұмыс жәрмеңкесі, IT және цифрлық дағдылардан бастап,
шығармашылық пен салауатты өмір салтына қатысты ең өзекті бағыттар бойынша мастер-класстар мен
семинарлар, мемлекеттік қызмет саласындағы үлкен жетістіктерге жеткен көрнекті тұлғалармен және
мамандармен кездесулер мен сұхбаттар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Нархоздың үздік студенттік ұйымдарының өнер көрсетулері және ARO хедлайнердің
музыкалық концерті өтті.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, CareerTime Festival – бұл тек кәсіби бағдарлау шарасы ғана емес.
Бұл динамикалық еңбек нарығында өз орныңызды табуға, нақты жұмыс берушілермен кездесуге, маман
ретінде қандай бағытта даму керектігін түсінуге, интеллектуалды, спорттық, мәдени және қоғамдық
салаларда өзіңізді қалай көрсетуге, дағдыларыңызды нығайтуға және танымдық көкжиегіңізді кеңейтуге
мүмкіндік