Жаңалықтар

Гарвард түлегі Нархоз университетінде директор қызметіне тағайындалды

Нархоз университетініңҚұқық және мемлекеттік басқару жоғары мектебін енді Гарвард түлегі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының экс-заңгері және комплаенс-офицері Айнаш Әлпейісовабасқарады. Айта кетерлігі, жаңа директордың АҚШ-тың Нью-Йорк штатында адвокаттық практикаға лицензиясы және Массачусетс штатында кәсіби бухгалтер (СРА) болуға сертификаты бар.    
Сондай-ақ, Айнаш Әлпейісовабұған дейін Қазақстандағы және АҚШ-тағы "Үлкен төрттікке" кіретін компанияларда жұмыс істеп, ірі трансұлттық және жергілікті инвестициялық ұйымдармен ынтымақтастық орнатты, түрлі ірі компанияларға заң және салық мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсетіп, еліміздегі жоғары оқу орындарында сабақ берген.
Жаңа қызметте ол Қазақстанда, сондай-ақ, шет елдерде сұранысқа ие заңгерлік білім беру бағдарламаларын енгізумен және дамытумен, мықты халықаралық мамандарды тартумен айналысады және Нархоз университеті басшылығы қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуде практикалық білімін қолданатын болады.



Нархоз университетінің баспасөз қызметі