Жаңалықтар

Меруерт Дуйсенгалиева Нархоз университеті Бизнес жоғары мектебінің директоры болып тағайындалды.

Алматыдағы Geneva Business School Kazakhstan кампусының экс-басшысы Меруерт Дуйсенгалиева Нархоз университеті Бизнес жоғары мектебінің директоры болып тағайындалды. Осыған дейін де ол директор қызметінде жұмыс істеп, Қазақстан мен Орталық Азиядағы Geneva Business School бағдарламасын дамытумен айналысты. Сондай-ақ, Меруерт Дуйсенгалиева КИМЭП университетінде Executive MBA бағдарламасын басқарды.

Жоғары және одан кейінгі жоғары білім беруді басқару саласының сарапшысы ретінде халықаралық білім беру саласындағы академиялық тәжірибесі мол.
Меруерт Дуйсенгалиева енді Нархоз Университеті Бизнес жоғары мектебінің директоры қызметін атқарып, мини-МВА, МВА, Executive MBA, DBA, сондай-ақ шетелдің жоғары оқу орындарымен бірлесе қос диплом бағдарламаларын дамытады және қазіргі кезде өзекті білім беру бағдарламаларын жасаумен айналысатын болады.


Нархоз Университетінің баспасөз қызметі.