Жаңалықтар

Almaty Urban Fest 2021

Баскетбол командасының студенттерінен керемет жаңалық!
Ұзақ уақыт карантиннен кейінгі маусымның бірінші жүлдесі туралы ақпаратты ұсынамыз.

2021 жылдың 9 қазанында Алматы қаласында Almaty Urban Fest 2021 қалалық мәдени-спорт фестивалі өтті. Аталған фестиваль аясында 3х3 баскетболдан жарыс өтті.
Турнир Almaty Arena спорт кешенінің жанында өтті, онда Алматы қаласының барлық жерінен 3х3 баскетбол командалары өзара жарысты. Нархоз университетінің ерлер құрамасы - Narxoz Pride барлық қарсыластарын жеңіп, финалда ғана жеңіліп, 2 орын алды. Ерлер командаларының жалпы саны-12.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, тиісті дәрежедегі медальдармен және ұйымдастырушылардан шағын сыйлықтармен марапатталды.
Біздің жігіттерімізді және команда жаттықтырушысы Хайрлиев Аскар Бекетұлын жүлделі 2 орынмен және баскетбол маусымының ашылуымен құттықтаймыз.
Биылғы маусымда біздің баскетболшыларға тек жеңіс тілейміз!



https://inbusiness.kz/ru/stop_cadre/festival-almaty-urban-fest-2021-proshel-v-almaty