Жаңалықтар

Достар, 9 тамызға дейін докторантураға түсуге өтініш беріңіз!

Достар, 9 тамызға дейін докторантураға түсуге өтініш беріңіз!
Құжаттардың тізбесін орындаңыз:
  • белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш (қабылдау комиссиясы береді)
  •  жеке басын куәландыратын құжат;
  • қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
  • түйіндеме (CV);
  • шет тілін меңгергенін растайтын электрондық сертификат (төменде қараңыз);
  • 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
  • 075 / у нысаны бойынша Медициналық анықтама;
  • кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі);
  • соңғы күнтізбелік 3 жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі.