Жаңалықтар

Самбо күресінен қала чемпионатындағы жеңістеріңізбен құттықтаймыз

2025 жылғы 15-16 ақпанда ЦСКА спорт кешенінде 2005-2007 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында самбо күресінен қала чемпионаты өтті. Осы жарыста біздің студенттер қайсарлық пен шеберліктерін көрсетіп, қола медальдарға ие болды!
Жеңімпаздарымыз:
Күштекова Ботагөз – 54 кг салмақ дәрежесінде, екінші курс студенті, «Киберқауіпсіздік» мамандығы
Мейрхан Бекәлі – +98 кг салмақ дәрежесінде, екінші курс студенті, «Менеджмент» мамандығы
Сарбас Бекәлі – +98 кг салмақ дәрежесінде, екінші курс студенті, «Маркетинг» мамандығы

Біз сіздердің жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз және университетімізді жоғары деңгейде танытып жүргендеріңізге ризамыз!
Жаңа жеңістерге жетіңіздер!
Сіздердің жеңістеріңіз – бүкіл студент жастарға шабыт! Спорттық жетістіктерге жетіп, жаңа белестерді бағындырып, биіктерден көріне берулеріңізге тілектеспіз!
Ерекше үлгі көрсетіп, шабыттандыра беріңіздер! Жаңа жеңістерге алға!
Narxoz University – жеңіс пен ұлы жетістіктер ордасы!