Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ведомствоаралық комиссияның шешімі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсыныстары мен «Нархоз университеті» КЕАҚ-ның студенттері арасында 2020-2021 оқу жылының екінші семестрінде таңдаған оқыту форматы бойынша жүргізілген сауалнама негізінде 1-курстың (барша деңгейдегі – бакалавриат, магистратура және докторантура) барлық білім алушыларын офлайн оқуға ауыстыру туралы шешім қабылданғанын хабарлаймыз. Университет аудиторияларындағы сабақтар 2021 жылғы 25 қаңтардан басталады.
Сонымен бір мезгілде Нархоз университеті барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша міндеттемелерді өз мойнына алатынын хабарлайды, яғни кіреберіс жерде дене температурасын өлшеу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, кабинеттерді үнемі кварцтен өткізу, маскалық режимді қамтамасыз ету және тағы басқаларын толық сақтайтын болады.
Қаладан тыс жерлерден келген студенттер үшін Университет жатақханаларынан бөлмелер дайындалды. Жатақханадан орын алу үшін алдын ала Студенттерге қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Барлық басқа мәселелер бойынша кеңестерді өз Мектептеріңіздің деканаттарынан алуға болатынын ескертеміз.
Сонымен қатар оқыту үдерісі елдегі және аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдаймен тікелей байланысты екеніне назарларыңызды аударамыз.
Нархоз университеті білім беру үдерісіндегі кез келген өзгерістер туралы Сіздерді хабардар ететін болады.