Нархоз Университеті бағдарламалары бүгінгі және ертеңгі студенттерге бакалавриат бағдарламасындағы пәндерді қайта есепке алуға мүмкіндік беретін елдегі бес оқу орнының қатарына кіреді. Басқару есебі бойынша бір ғана CIMA CertBA емтиханын ағылшын тілінде тапсыру арқылы студенттер 4-курсқа келгенде халықаралық сертификатты ала алады, сөйтіп CIMA кәсіби біліктілігін алудың келесі сатысына өтеді. Бұл отандық және халықаралық еңбек нарығында биік мансапқа жету мүмкіндігіңізді арттыра түседі.
Қаржы, Есеп және Аудит, Менеджмент, Экономика бағдарламаларының студенттері CIMA ресурстарын пайдалана алады. Оларға CIMA оқу материалдары мен бизнесті басқару және басқару есебі саласындағы ең жаңа деген зерттеулерді пайдалануға рұқсат беріледі, сондай-ақ әлемнің барлық студенттерімен бірге әлемдік дәрежеде беделге ие CIMA жарыстарына қатысуға мүмкіндік алады.
Нархоз Университеті ұжымын, Экономика және Менеджмент Мектебінің оқытушылары мен қызметкерлерін CIMA басқару есебі бойынша әлем мойындаған халықаралық қауымдастықтың разылығын алуымен құттықтаймыз.
CIMA туралы
CIMA (Ұлыбритания) басқару есебі мамандарының халықаралық қауымдастығы 1919 жылы құрылды. Қауымдастық әлемдегі басқару есебі мамандарының жетекші кәсіби бірлестігі болып табылады. CIMA кәсіби дамуға мүмкіндіктер береді, тақырыптық зерттеулерге демеу көрсетеді, басқару есебі бойынша озық тәжірибелерді енгізеді, қауымдастық мүшелері үшін кәсіби және этикалық стандарттар жасайды, сондай-ақ оқу және емтихандардың жоғары сапада болуын қамтамасыз ету үшін білім беру және сынақ жүргізуші провайдерлермен ынтымақтастық орнатады.
10 жылдан бері Қазақстанда барлық деңгейдегі мемлекеттік және жеке ұйымдарда жұмыс істейтін CIMA-ға мүше тұлғалардың және студенттердің қауымдастығы қалыптасып жатыр.