Жаңалықтар

Нархоздың бірінші курс студенттері Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен кездесуге қатысты

11 қараша 2024 жылы Нархоз Университетінің бірінші курс студенттері Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Алматы Менеджмент Университетінде (AlmaU) өткен дәрісіне қатысты. Кездесудің тақырыбы — «Қазақстан – өңірлік білім беру хабы». Кездесуге елдің әр түрлі жоғары оқу орындарынан ең белсенді студенттік көшбасшылар, соның ішінде Нархоз Университетінің 10 студенті шақырылды. Біздің бірінші курс студенттері дәрісті тыңдап қана қоймай, талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, Министрмен әңгімелесті. Бұл студенттерге Қазақстандағы білім берудің даму перспективаларымен жақынырақ танысып, маңызды тақырыптарды министрлік өкілімен тікелей талқылауға тамаша мүмкіндік болды.