Жаңалықтар

Әріптестерімізге сәттілік тілейміз!

25 мамыр күні "Нархоз Университеті" КеАҚ Ғылыми Кеңесінің мәжілісінде ректор м.а. Станислав Буянский Халықаралық даму және әріптестік басқармасының жетекшісі Жайлагүл Сағындықоваға, Мансап және түлектермен байланыс орталығының жетекшісі Саадат Мукамбетоваға салтанатты түрде құрмет грамоталарын табыстады.

Әріптестеріміз өз күштері мен іскерліктерін жаңа қызметтерде қолдану үшін Нархоз Университеті қабырғасынан кеткелі жатыр.

Істеріне шын жүректен шығармашылық зор табыс және жетістіктер тілейміз!