2021 жылдың 8 қаңтарында Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC), гендерлік экономика саласындағы зерттеулерге арналған 2020-2021 стипендиялық бағдарламасы аясында, биылғы жылдың зерттеушілерімен алғашқы check-in кездесуін өткізді. Кездесу барысында зерттеушілер мен GERC қызметкерлері АҚШ-тың халықаралық сарапшысы - профессор Мика Муерспен, зерттеу саласындағы соңғы жаңалықтармен, сондай-ақ алдағы 2021 жылға арналған жұмыстың негізгі бағыттары туралы идеялармен алмасты.
Стипендиат-зерттеушілер өздерінің зерттеу мәселелерін, таңдалған тақырыптың өзектілігін, зерттеу әдістемесінің қысқаша сипаттамасын баяндайтын презентациялар дайындады, сондай-ақ таңдалған әдістемені іске асыру үшін қажетті мәліметтер / ақпараттың сипаттамасын ұсынды. Профессор Мика Меурс болашақ жұмыс үшін өте құнды кеңестер мен түсініктемелер берді, сонымен бірге әр зерттеушімен жеке кездесулер өткізді. Зерттеушілермен осындай check-in кездесулері ай сайын өткізілін болады, осылайша олар өздерінің жетістіктері мен аралық нәтижелерін ұсына алады, сондай-ақ профессор Меурс пен басқа сарапшылардан кері байланыс алады.
Жақын арада GERC басқа елдердің халықаралық сарапшыларының қатысуымен зерттеушілер үшін семинарлар мен тренингтер өткізуді жоспарлап отыр.
GERC командасы баршаңызды Жаңа жылмен құттықтайды және зерттеушілерге жемісті және қызықты жұмыстар мен жақсы басылымдар тілейді.