Владимир Константинович – елімізге танымал ғалым әрі ұстаз, экономика ғылымдарының докторы, професор, ҚР ғылым мен техника саласының еңбегі сіңген қайраткері, бухгалтерлік есеп мамандары мектебінің негізін қалаған ерекше тұлға. Ол - жүздеген оқулықтар мен ғылыми мақалалардың авторы, оның еңбектері Кеңес Одағы халықтарының көптеген тілдеріне аударылған.
Владимир Константиновичтің 1963-1998 жылдардағы өмірі Нархозбен тікелей байланысты өтті. Ол Нархозда бухгалтерлік есеп кафедрасын 26 жыл бойы басқарып, 12 жыл бойы есеп-экономика факультетінің деканы болды, 10 жыл бойы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін беретін Ғылыми кеңесті басқарды.
"Қазақ университеті" Баспалар үйі ғалымның мерейтойы қарсаңында "Өнегелі өмір" атты жинақтың бір сериясын осы ғажап адам, ғалым әрі азаматқа арнап, "Владимир РОДОСТОВЕЦ" деген атаумен арнайы кітап шығарды. Онда ғалым өмірі туралы очерк жазылған, оның таңдамалы еңбектерінен үзінділер беріліп, бай иллюстративті материалдармен безендірілген.
Кітаптың электрондық нұсқасы «Центраудит-Қазақстан» тәуелсіз аудиторлық компаниясының» сайтында ашық қолданыста тұр (http://www.centeraudit-kz/).