Жаңалықтар

Нархоз университеті тұрақты даму бойынша ірі халықаралық конференция алаңына айналды

11-12 мамырда Нархоз университетінде «Рысқұлов оқулары – 2023» немесе «Орталық Азиядағы тұрақты аймақтық даму бойынша 1-ші халықаралық конференция» халықаралық конференциясы өтті. Орталық Азиядағы тұрақты дамуды талқылауға бағытталған маңызды шара осы саладағы жетекші халықаралық және отандық сарапшылардың басын қосты.

Іс-шара Scopus дерекқорында екінші квартильде орналасқан Regional Science Policy & Practice (RSPP) журналының баспагері ретінде белгілі The Regional Science Association International (RSAI) бірлесіп ұйымдастырылды. Мақалалардың спикер-авторлары ретінде Қазақстанның әр өңірінен 70-тен астам зерттеуші қатысты. Олар «Тұрақтылық», «Инновациялар», «Жоспарлау», «Адам ресурстары», «Ауыл шаруашылығы», «Экономика», «SDG және туризм» сияқты бағыттар бойынша зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды.

Іс-шараға қатысушыларға RSPP журналының редакторларынан өз зерттеулерінің дизайнын жақсарту бойынша сараптамалық түсініктемелер алуға бірегей мүмкіндік берілді. Пікірлер RSAI экс-президенті және Сан-Паулу университетінің профессоры Эдуардо Хаддад сияқты танымал халықаралық сарапшылар; Абдул Шабан, Тата әлеуметтік ғылымдар институты, Үндістан; Томас Дентиньо, RSPP бас редакторы және Азор университетінің профессоры, т.б.

Шара барысында тұрақты дамудың түрлі аспектілері бойынша шеберлік сабақтары өткізілді. Атап айтқанда, Томас Дентиньо қатысушыларды RSPP журналында мақалаларды жариялаудың негізгі қадамдарымен таныстырды.

RSAI Қазақстанда серіктестік желісін дамыту және Орталық Азияда өз филиалын ашу жоспарын жариялады. Тараптар тұрақты даму қағидаттарын белсенді түрде алға жылжытатын Нархоз университетімен ынтымақтастық қарқынды дамитынына сенім білдірді.