Өткен жыл тосын сыйларға толы болды. Елдегі және әлемдегі жағдайға қарап, мені тағдырдың қандай бұралаңдары күтіп тұрғанын елестету маған қиын, бірақ мен жаңа оқу жылының ерекше болатындығы сенімділікпен айта аламын. 1 қыркүйектің өзінде біз студенттерге университеттің есігін мүлдем ашып отырған жоқпыз, бірақ видеоплатформалардың аккаунттарын ашамыз.
Бірақ әлемдегі прогресті ештеңе тоқтата алмайды! Пандемияға қарамастан, біз жоғары сапалы білім беруді онлайн-құралдар арқылы ұсынамыз, біз студенттер өмірін дамытып, ғылымды алға жылжытамыз және шығармашылыққа ынталандырамыз. Карантин бізді әдеттегі мүмкіндігімізді шектеді, бірақ біз бейімделе алдық және білім беру нарығында бәсекеге қабілетті бола алдық.
Барлығымыздың ортақ жұмысымыздың арқасында біз қабылдау науқанын ойдағыдай өткіздік. Біз оқу және бизнес процестерін жаңарта алдық, инфрақұрылымды жаңарта алдық, университеттің бас ғимаратын қайта құруды бастадық және тағы басқалар. Барлық жетістіктерді тізімдеу үшін оннан астам парақ қажет.
Біз қол жеткізген барлық нәрсеге - біз бірлесе келе жетттік. Нархоздың әр студенті, әр оқытушысы, әр қызметкері экономикалық және эпидемиологиялық дағдарыс жағдайында университеттің тұрақты дамуына өз үлестерін қосты. Енді біз жұмысқа сергек, мықты және кез келген қиындыққа дайын боламыз.
Біз өз болашағымызды өзіміз құратын боламыз.
Жаңа оқу жылында сәттілік пен жетістік тілеймін!