Еңбек жолын 1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы болып бастаған. 1998-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Зерттеулер және статистика департаментінің жетекші сарапшысы, бас сарапшысы, бас маман-сарапшысы, басқарма бастығы, директор орынбасары; 2006-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Үйлестіру департаментінің директоры. 2014-2015 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ның басқарушы директоры. 2015 жылғы шілде мен қараша аралығында – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2015 жылғы қараша мен 2018 жылғы қараша аралығында -Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі. 2018 жылғы қараша мен 2019 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі. 2019 жылдың наурыз айынан бастап - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болды. 2020 жылдың 18 мамырынан бері ҚР Қаржы министрі қызметін атқарып келді.