Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасы мен Нархоз Университеті ынтымақтастықты жалғастыруда
2024 жылғы 26 қыркүйекте Нархоз университетінде ЖОО мен Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Церемонияға қатысқан (фотода солдан оңға қарай) тұлғалар: Эржан Исабаев, Еуразиялық экономикалық-құқықтық зерттеулер институтының (ЕЭҚЗИ) директорының орынбасары, Берік Имашев, ЕЭҚЗИ директоры, Қанат Қожахмет, Нархоз университетінің президенті, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрсұлтан Шоканов, Кәсіпкерлік және қылмыстық құқық социологиясы орталығының (ЕЭҚЗИ) жетекшісі Бақытбек Бегалиев, Конституциялық экономика орталығының (ЕЭҚЗИ) жетекшісі Виктор Малиновский.
Ынтымақтастық шеңберінде кәсіпкерлік, білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған бірлескен жобалар мен бастамалар, оның ішінде Нархоз университетінің жанындағы Еуразиялық экономикалық-құқықтық зерттеулер институтының белсенді қолдауымен іске асырылатын болады. Ынтымақтастық шеңберіндегі басқа да басымдықтардың қатарында кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөнінде ғылыми-негізделген ұсынымдар дайындау, ғылыми, құқықтық және ұйымдастырушылық ресурстарды пайдалану, ҚР қолданыстағы заңнамасын жетілдіру жөнінде бірлескен ұсыныстар әзірлеу белгіленді.
Алматы Кәсіпкерлер палатасы мен Нархоз Университетінің өкілдері ғылыми ынтымақтастықта (зерттеулерде, ғылыми-практикалық ақпарат пен тәжірибе алмасуда) біріне бірі жәрдемдеседі, бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асырады, ғылыми симпозиумдар, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптары және басқа да іс-шараларды ұйымдастырып бірігіп өткізбекші.