Нархоз университеті жанындағы Сорос-Қазақстан Қорымен (СҚҚ) бірлесе отырып, «Ашық экономика» бастамасы шеңберінде «Гендерлік экономика» жобасы бойынша зерттеулер жүргізуге арналған 3 (үш) шәкіртақыны (стипендияны) алушыларды ірікеуге арналған үшінші стипендиалды бағдарламасының ашылғанын жариялайды. Іріктелген үміткерлерге гендерлік экономиканың өзекті мәселелері бойынша ғылыми еңбектер жазу үшін 6 айға ай сайын 110 600 (жүз он мың алты жүз) теңге көлемінде стипендия беріледі. Стипендиялар зерттеушілерді қолдауға және олардың ғылыми мақалаларын жазумен байланысты зерттеулер мен әкімшілік шығындарды өтеуге арналған (сұхбат, сауалнама, мәліметтер жинау және т.б.).
Барлығы 3 (үш) стипендиат таңдалады. Жоба Сорос-Қазақстан Қорымен “Ашық экономика” бастамасы аясында қолданған.
Стипендиялық бағдарлама халықаралық зерттеу тәжірибесі бар, тәжірибелі ғылыми жетекшілердің жас зерттеушілерін жан-жақты қолдауды көздейді. Бағдарлама аяқталғаннан кейін жас зерттеушілер әйелдердің қажеттіліктерін ескере отырып, дағдарысқа қарсы саясаттық реакцияларды анықтауға арналған практикалық ұсыныстармен бір ғылыми жұмыс дайындап, ұсынуы керек; халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда жариялау үшін мақала дайындау керек; БАҚ-та зерттеудің орта мерзімді және соңғы нәтижелері туралы мақала жариялау керек.
Стипендиалдық бағдарлама келесі бағыттар шеңберінде ашылған:
- Пандемияның әйелдердің үй шаруашылығындағы және жанұя мүшелеріне қараудағы ақысыз жұмысына әсері.
- Еңбек нарығындағы гендерлік сегрегация және теңсіздік: COVID-19 әсері.
- Гендерлік статистика.
Зерттеудің жазылу тілін (орыс немесе ағылшын тілдері) өзіңіз таңдауға құқылысыз.
Жобаның фазалары:
- Гендерлік экономика сарапшыларының стипендиаттарға арналған бағдарлау сессиясын өткізу: 2020 жылдың желтоқсан айының бірінші жартысы
- Зерттеу процесі: желтоқсан 2020 - мамыр 2021
- Стипендиаттарға арналған семинарлар / тренингтер: желтоқсан 2020 - наурыз 2021
- Зерттеу жұмысының жоспары туралы есептер: әр айдың бірінші аптасы.
- Зерттеудің аралық нәтижелерінің таныстырылымы: 2021 ж. наурыз
- Зерттеуді аяқтау: 2021 ж. мамыр-маусым
- Зерттеудің соңғы нәтижелерін ұсыну: 2021 ж. маусым
Конкурсқа қатыса отырып, үміткерлер осы арқылы өзінің қатысуын және оны жүзеге асырудың барлық мерзімі ішінде жобаның барлық кезеңіне тартылатынын растауы керектігін назарға алуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға келесілер шақырылады:
- Шетелдік және қазақстандық ЖОО-дың экономикалық мамандықтар бойынша оқитын магистранттары мен PhD ізденушілері;
- Қазақстандық ғылыми-зерттеу және аналитикалық орталықтардың экономист қызметкерлері;
Тәуелсіз экономист, эксперт және зерттеушілер.
Өтінім берушілерге қойылатын талаптар:
- Магистр дәрежесі;
- Зерттеушілік қызмет тәжірибесі (2 жылдан кем емес);
- Ғылыми жұмысты жазу, көркем әдебиеттік оқу және гендерлік экономика бойынша тренингтер қатысу үшін қажет ағылшын тілінің жетілдірілген дағдылары. Ағылшын тілін білу сертификаты және / немесе ағылшын тілінде сөйлейтін елдердегі университеттің дипломы болу құпталады;
- Жасы – 36 жасқа дейін;
- Орталық Азия елдерінің бірінің азаматы болу және де сол елде тұрақты тұру;
- 2020 жылдың желтоқсанынан бастап 2021 жылдың наурызына дейін стипендиялық бағдарлама шеңберінде онлайн тренингтерге, семинарларға және басқа іс-шараларға қатысу мүмкіндігі.
- Ашық қоғам құндылықтары мен қоғамдық мән-маңызға ие мәселелерді ашық талқылай білу принциптеріне адалдық.
Конкурс мерзімі:
Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2020 ж. 29 қараша (Астана уақыты бойынша 23:59). Осы мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қарастырылмайды.
Ескерту: Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы Сорос-Қазақстан Қорының келісімі бойынша, әрі өз қалауы бойынша осы конкурстың өткізілу мерзіміне аздаған өзгерістер енгізе алады.
Өтінімге қойылатын міндетті талаптар:
Өтінімге келесілер енуі қажет:
- Толтырылған өтінім формасы, шаблонмен мына жерден танысуға боладыhttps://cutt.ly/fg12tvM; (егер үміткер қаласа, өтініш ағылшын тілінде толтырылуы мүмкінhttps://cutt.ly/Xg14CVu);
- IELTS немесе TOEFL ағылшын тілінен тест сертификаттары бар болса (PDF форматында);
- Жеке куәліктің / паспорттың сканерленген көшірмесі (PDF форматында);
- Жеке зерттеу немесе публикация үлгісі (ең азы 4000 сөз, PDF форматында)
Өтінімдерді gerc@narxoz.kz электрондық поштасы «хабарлама тақырыбы» жолында «2020-2021 жж. стипендиялық бағдарламаға өтінім» деп көрсету арқылы жіберу керек.
ТОЛЫҚ ЕМЕС ӨТІНІМДЕР ҚАРАСТЫРУҒА ЖАТПАЙДЫ.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Барлық қосымшаларды енгізгеннің өзінде хабарламалардың жалпы салмағы 25 мегабайттан аспауы тиіс.
Қажет жағдайда конкурс ұйымдастырушылары өтінім берушіден осы конкурсқа қатынасуға қатысы бар қосымша ақпаратты сұрату құқығын өзінде сақтап қалады.
Барлық мәселелер бойынша gerc@narxoz.kz электрондық поштасы «хабарлама тақырыбы» жолында «2020-2021 жж. стипендиялық бағдарлама бойынша кеңес алу» деп көрсету арқылы жіберу керек.