Нархоз Университетінің Экономика және менеджмент мектебінің білім беру бағдарламалары туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға қатысты түсіндіреміз.
Кредиттік оқыту жүйесі шеңберінде оқыту мәселесінде біз студенттерге таңдау жасауға мүмкіндік береміз және олардың қалауына назар аударамыз. Нархоз университетінде оқу жоспарына сәйкес студенттер қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі пәндерді таңдайды.
Өткен жылдың деректері бойынша бірінші курс студенттерінің 60,6 пайызы қазақ бөлімін, 28,7 пайызы орыс бөлімін, 10,7 пайызы ағылшын бөлімін таңдаған.
Кейбір студенттер ағылшын тілінде оқытылатын пәндерді таңдайды, өйткені бұл оларға әлемдік ғылыми білімге қол жеткізуге, өзекті ғылыми басылымдарды оқуға, халықаралық конференцияларға және шет елдердегі академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға мүмкіндіктер ашады. Ағылшын тілін жеткілікті деңгейде білмейтін студенттер үшін қарқынды тілдік дайындықпен өтпелі кезең беріледі.
Қазіргі уақытта Нархоз университетінде қаржы және экономика саласында бакалавриат бағдарламасы мен МВА бағдарламасы мемлекеттік тілде әзірленуде, бизнес қауымдастығымен және университеттің Жұмыс берушілер кеңесімен тиісті келіссөздер мен кеңестер жүргізіліп жатқанын атап өту маңызды.
Экономикалық мамандықтар бойынша сапалы жоғары білім беру Нархоз университетінің бүкіл тарихындағы басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда, Нархоз дипломдары тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде - АҚШ, Еуропа, ТМД және Қытайда да танымал. Біз студенттерімізге осындай мүмкіндіктерді ұсына алатынымызды мақтан тұтамыз және олар бірнеше тілді білудің барлық артықшылықтарын пайдалана алатынына сенімдіміз.