2020 жылдың 21 қарашасында Барнаул қаласының Алтай мемлекеттік университетінде экономикалық бейіндегі студенттерге арналған математикадан XI ашық халықаралық интернет-олимпиада өтті.
Осы жылы Нархоз университетінен 43 студент қатысты, оның ішінде 1-ші курстың 40 студенті және 2-ші курстың 3 студенті.
Математика пәні бойынша XI интернет-олимпиадасының 1 курс студенттері арасындағы жеке біріншіліктің қорытындысы бойынша Алтай мемлекеттік университеті келесі жүлделі орындарымен мараппатады:
1 орын-Есполсынов Ерген
Жетекшісі: Ежебеков Манат Анарбекұлы, аға оқытушы
2 орын-Жарасқызы Айша
Жетекшісі: Абдиев Болат Әзімбекұлы, т.ғ.к., асс. профессор
3 орын-Балакшиева Камилла
Жетекшісі: Жаңабергенова Гульшат Кудайбергеновна ф.-м.ғ.к., асс. профессор
Командалық біріншіліктің қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар берілді:
1 -орын-Нархоз-7 командасы (1 курс):
1. Малдыкан Ерасыл
2. Жарасқызы Айша
3. Бекзатов Шәкәрім
Жетекшісі: Абдиев Болат Әзімбекұлы, т.ғ. к., асс. профессор
Барлық қатысушыларды құттықтап, алдағы уақытта табыс тілейміз!