Жаңалықтар

Экономика және менеджмент мектебінің деканы тағайындалды

Бүгін, 25 тамызда Нархоз университетінің конкурстық комиссиясы Гимранова Дилбар Досмаиловнаны, MPhil, Экономика және менеджмент мектебінің деканы қызметіне ұсынды.
Дилбар Досмаиловна - практикалық экономист, білім беру саласында және оқытушылық лауазымдарда 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Еуропа мен АҚШ университеттерімен жұмыс жасаудың бай халықаралық тәжірибесі бар. Еңбек жолында ол аға оқытушыдан елордалық университеттердің бірінде Экономика мектебінің деканына дейін көтерілді. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.
Narxoz университетінің ұжымы Ділбар Досмаиловнаны жаңа тағайындалуымен құттықтайды және экономикалық ғылым мен білім беруді дамытуда мектептен жоғары жетістіктер күтеді.