Жаңалықтар

Мардан Сапарбаев институты «Бухгалтерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, 2020 жылдың 5 қазанынан 19 қазанына дейін Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы білім беру бағдарламалары бой

Мардан Сапарбаев институты «Бухгалтерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, 2020 жылдың 5 қазанынан 19 қазанына дейін Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер арасында бухгалтерлік есеп бойынша халықаралық жоғары оқу орындары арасындағы олимпиаданы өткізді.

Нархоз университетінің атынан «Есеп және аудит» мамандығының 1-2 курс студенттері қатысты:
🔺Егімбаева Айсұлу
🔺Усманова Диана
🔺Күлжібаев Әділ
🔺Мұратова Аружан
🔺Қазизбек Дулатхан
🔺Кетебай Ақниет

Команда PhD, «Есеп, талдау және аудит» ғылыми-білім беру департаментінің қауымдастырылған профессоры Әсем Жүнісқызы Таңжарикованың ғылыми жетекшілігімен қатысты!

2020 жылдың 19 қазанында қашықтық олимпиада жеңімпаздары анықталды. 16 команда арасында бірінші орынды Нархоз университетінің командасы алды!

Жоғары оқу орындары арасындағы Халықаралық олимпиаданы ұйымдастырушыларға осы іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін алғысымызды білдіреміз.

Нархоз Университетінің команда қатысушыларын жеңістерімен құттықтаймыз!