Мардан Сапарбаев институты «Бухгалтерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, 2020 жылдың 5 қазанынан 19 қазанына дейін Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы білім беру бағдарламалары бой
Мардан Сапарбаев институты «Бухгалтерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, 2020 жылдың 5 қазанынан 19 қазанына дейін Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер арасында бухгалтерлік есеп бойынша халықаралық жоғары оқу орындары арасындағы олимпиаданы өткізді. ⠀ Нархоз университетінің атынан «Есеп және аудит» мамандығының 1-2 курс студенттері қатысты: 🔺Егімбаева Айсұлу 🔺Усманова Диана 🔺Күлжібаев Әділ 🔺Мұратова Аружан 🔺Қазизбек Дулатхан 🔺Кетебай Ақниет ⠀ Команда PhD, «Есеп, талдау және аудит» ғылыми-білім беру департаментінің қауымдастырылған профессоры Әсем Жүнісқызы Таңжарикованың ғылыми жетекшілігімен қатысты! ⠀ 2020 жылдың 19 қазанында қашықтық олимпиада жеңімпаздары анықталды. 16 команда арасында бірінші орынды Нархоз университетінің командасы алды! ⠀ Жоғары оқу орындары арасындағы Халықаралық олимпиаданы ұйымдастырушыларға осы іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін алғысымызды білдіреміз. ⠀ Нархоз Университетінің команда қатысушыларын жеңістерімен құттықтаймыз!