Жаңалықтар

NARXOZ and HARVARD?

Цифрлы жібек жолы Орталық Азияда: бүгіні мен ертеңі 

"Цифрлы жібек жолы Орталық Азияда: бүгіні мен ертеңі" атты ғылыми баяндаманың ресми тыңдалымына шақырамыз. 22 маусым күні сағат 19.30-дан 21.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақытымен). 

Ғылыми баяндаманың презентациясында спикерлер цифрландырудың өту барысын және Орталық Азиядағы цифрлық байланыстардың өсу барысын, сондай-ақ, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар (АКТ) саласындағы Қытай елі мен қытай компанияларының рөлін талқылайды. 

Спикерлердің қатарында есеп беруші авторлар бар. Олар: Брендан Дюпрей, Нархоз Университеті Қазақстанның тұрақты дамуы ғылыми-зерттеу институтының директоры; Наргис Касенова, Гарвард университеті жанындағы Ресей және Еуразия Дэвис зерттеу орталығы, Орталық Азия бойынша Бағдарламаның аға ғылыми қызметкері; Акмал Акрамханов, ИКАРДА Орталық Азия мен Кавказ бойынша аймақ менеджері және басқалары. 

Бұл есеп Нархоз Университеті Қазақстанның тұрақты дамуы ғылыми-зерттеу институты мен Гарвард университеті жанындағы Ресей және Еуразия Дэвис зерттеу орталығының бірлесе жүргізген жобаларының нәтижесі болып табылады және ол Қазақстандағы Фридрих Эберт қорының қолдауымен жүзеге асырылды.

Толығырақ:https://daviscenter.fas.harvard.edu/events/digital-silk-road-central-asia-present-and-future