Жаңалықтар

Мирас Дауленов Нархоз Университетінің Президенті ретінде өз қызметін атқаруға кірісті.

2021ж. 1 маусымда Мирас Дауленов Нархоз Университетінің
Президенті ретінде өз қызметін атқаруға кірісті.

Мирас Дауленов құқық саласы бойынша бакалавр, магистр
дәрежесіне ие, заң ғылымдарының докторы.
1983 жылы Өскеменде дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Вроцлав
университетінде (Польшада) докторантурада оқып, 2012 жылы заң
ғылымдарының докторы дәрежесін алған.
Көптеген жылдар бойы қазақстандық заң фирмаларында,
Вроцлав университетінде және М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ оқу
орнында түрлі қызметтерде жұмыс істеген. С.Зиманов атындағы құқық
және экономикалық зерттеулер академиясында Халықаралық құқық
кафедрасының оқытушысы, меңгерушісі, зерттеу бойынша проректор,
академия директоры қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, Басқарма
Төрағасының орынбасары әрі Провост қызметтерінде болған.
2019 жылдан 2021 жылға дейін Мирас Мұхтарұлы Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.
2017 жылдан бері Азия халықаралық құқық қоғамының және
Атқарушы Кеңес Қоғамының мүшесі.

Сондай-ақ, ТМД Жоғарғы соты, Конституциялық соты,
Экономикалық соты жанындағы Консультациялық көмек беруші
кеңестің мүшесі. Инвеситициялық дауларды реттеу халықаралық
орталығында (МЦУИС) түрлі құқықтық мәселелерге сарапшы-куәгер
ретінде қатысқан.

Халықаралық бұқаралық құқық, ЕО құқығы және МФЦА құқығы
бойынша көптеген мақалалардың авторы.