Жаңалықтар

Гүл шоқтарын қою

Бүгін Нархоз Университетінде 1930-жылдардағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу үшін қазақтың ұлы қайраткері Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті.

Шараға "Нархоз Университеті" КеАҚ ректоры м.а. Станислав Буянский, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, университет ұжымы мүшелері мен қоғамдастық өкілдері қатысты.

Станислав Буянский өз сөзінде «Осы гүл шоқтары арқылы сонау зұлмат жылдары қаза болғандарды қайғыра еске алып, олардың саяси қуғын-сүргін, ашаршылықпен күрескен ерліктеріне басымызды иеміз. Солардың бірі қазақтың жігерлі ұлы - Тұрар Рысқұлов болатын. Оның тағдыры өте қайғылы болды, десек те өткен тарихтан сабақ алып, жақсылық жолында өздерін құрбан еткен осындай ұлы адамдарымызды ұмытпауымыз керек» - деді.

Жиынға қатысушылар саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Тұрар Рысқұлов - саяси қайраткер, дарынды ұйымдастырушы, бастамашыл
басқарушы, ар-намысы биік тұлға. Өзінің ақылы мен ерекше дарынының
арқасында партия басшылығына өтіп, еліне адал қызмет еткен азамат.
Т.Рысқұловтың ғұмыры қысқа болғанмен, өмірі өнегеге толы. 43 жыл
ғұмырында мыңдаған адамды аштықтан құтқарып, Орталық Азия
елдерінің өндірісі мен ауыл шаруашылығын көтеруге үлес қосты.
Өзбекстандағы теміржол, мақта өнеркәсібі, Қазақстандағы күріш
шаруашылығы, Түркістанды дамыту - тағы да басқа көптеген
жетістіктері Тұрар Рысқұловтың еңбегі мен тұлғасын даралай түседі.