2021 жылы 12 наурызда Алматы облысының Есік қаласында 3 күн бойы өткен жастар мен жасөспірімдер арасында әмбебап жекпе-жектен облыстық чемпионат аяқталды.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «Ниет» спорт клубын Нархоз университеттің 1 курс студенті Хезизов Низамдун (әлеуметтану) қорғады. Бұл салмақта 8 қатысушы болды. 3 жекпе-жек өткізгеннен кейін Низамдун соңғы шайқаста 1 орын алып, айқын жеңіске жетті.
Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежедегі дипломдармен және медальдармен марапатталды. Алматы облысының әмбебап жекпе-жек чемпионатына Алматы қаласының спорт клубтарының атынан барлығы 300-ден астам спортшы қатысты.
Студентімізді Облыстық чемпионаттағы Жеңісімен құттықтай отырып, келесі жарыстарда тек жеңістер тілейміз!