Кең ауқымды өзгерістерді басқару ең мықты деген спортпен теңдес - жеңістің артында атлет спортшының ерік-жігері ғана емес, дәл есеп, ғылыми көзқарас, қалыптасқан дайындық әдістемесі және тактикалық схемалар тұр.
Самммит аясында Narxoz Tranfsormation Lab (Narxoz Executive Education ішкі трансформациялау зертханасы) "Анти-трансформация: қалай істемеу керектігі жөніндегі бұрыс кеңестер" атты интерактивті талқылау және Олег Алферовтың тек жетекшілерге арналған "Өзгерістер жобасы: мәселені шешу жолдарын іздестіру және өзгерістердің жол картасы" атты эксклюзивті мастер-классын ұйымдастырады.
"Анти-трансформация" интерактивті талқылауына тіркелу» - қатысу тегін және тіркелу арқылы
Change Makers Summit туралы
Change Makers онлайн-саммиті - бұл трансформацияның жоғарғы лигасында жеңіп шығуға керектің бәрі - әлемдегі ең мықты спикерлерден ұсынылатын бизнесті трансформациялау және өзгерістерді басқарудағы әлемдік трендтер, әр түрлі елдердің практиктері ұсынатын кейстер мен лайфхактар, білім беру, мансап және нетворкинг мүмкіндіктерінің экожүйесі.
Саммитте әлемнің әр түрлі елдерінің спикерлері, трансформация саласының төмендегідей сарапшылары сөйлейді:
- Тим Кризи –өзгерістерді басқаруға арналған ADKAR® жетекші модельдерінің бірін жасап шығарған Prosci-компаниясының инновациялар жөніндегі бас директоры. Тим - өзгерістерді басқару бойынша үздік тәжірибелер мен зерттеулердің жетекшісі, әлем бойынша осы тақырыпты мықты меңгерген білімгер. Prosci компаниясының әдіснамасын Fortune 100 үздігіне енген компанияладың 80%-ы қолданады.
- Дэрил Коннер - Conner Partners компаниясының президенті, өзгерістерді басқару саласындағы үздік ойшылдардың бірі, "Өзгерістер қарқынынан қалыспай басқару" және "Хаос дәуіріндегі көшбасшылық" кітаптарының, өзгерістерді басқару туралы жарияланған 250-ден астам мақала-еңбектердің авторы. Дэрил халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың жетекшілерімен жұмыс жүргізіп, оларға өзгеруге және әлемді өзгертуге көмектесіп келеді.
- Джеймс Томас, Дубайдағы PwC Strategy& в Дубае серіктесі, БАӘ. Таяу Шығыстағы Катценбах Орталығын басқарады. 20 жылдан астам уақыттан бері стратегиялық консалтинг саласында жұмыс істеп, компанияларға өз мәдениетін түсінуге және дамытуға көмек беріп келеді. Джон Катценбахмен бірлесе жазған, жақында Ресейде жарияланған «The Critical Few» атты мәденитпен жұмыс жүргізуге арналған танымал практикалық нұсқаулықтың авторы.
- Татьяна Терентьева, Қызметкерлер жөніндегі директор, РосАтом
- Андрей Белевцев, ГазпромНефть сандарды трансформациялау жөніндегі директор. Сондай-ақ, Avito, Skyeng, PepsiCo, VМегафон, Kasperskiy, Microsoft, Самрұқ-Қазына, BI Group және тағы басқа өздерінің трансформацияларымен белгілі болған көптеген компаниялардың өзгерістер жөніндегі сарапшысы.
Сіздерді жарқын сөз тартыстары мен кейстерге толы, сарапшылардың тәжірибесінен мол ақпарат беретін 5 күн күн күтіп тұр.
Форумға қатысу тегін, сайт арқылы тіркелуге болады.
Саммитті жіберіп алмаңыз!