«Заңды, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мен жоюды реттейтін компанияларда корпоративтік адалдық стандарттарының сақталуына жауапты комплаенс-офицерлер институтын енгізу прогрессивті қадам болып отыр. Дегенмен, білім беру саласында сәйкестікке оқытуда қажетті білімдер жеткіліксіз. Осы орайда оқыту негізінен біліктілікті арттыру курстары арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, нарықта білікті комплаенс қызметкерлеріне деген сұраныстың тұрақты өсуі байқалуына байланысты, бағдарламаның маңыздылығы зор», - деп атап өтті Нархоз Университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебі директорының орынбасары Күляш Айдарханова.
«Таяу жылдарда жаңа бағдарлама комплаенс институтының дамуын ескере отырып, Қазақстанда хедлайн болады. Көптеген компаниялар комплаенс қызметтерін құруда, бұл осы салада сапалы білімге тұрақты сұраныс болады дегенді білдіреді», - дейді Комплаенс білім беру бағдарламасының жетекшісі, профессор Георгий Русанов.
«Қазіргі кезде бизнес пен квазимемлекеттік секторлардын Комплаенс талаптарының сақталуына байланысты мамандарға тұрақты сұраныс бар. Еңбек нарығындағы және кәсіпкерлік саладағы комплаенс-қызметкерлерінің қажеттілігі, біздің Комплаенс бойынша магистрлік бағдарламаны әзірлеуімізге және енгізуімізге басты негіз болды. Университет ретінде біз үшін кез келген жаңа немесе дамып келе жатқан саланың институционалдық білім беру серіктесі болу өте маңызды. Жалпы университеттердің рөлі – жаңашыл болып, мамандар тапшылығын университетте қабілетті мамандарды даярлау болып табылады – деді Нархоз Университетінің Президенті Қанат Қожахмет.