5 ақпанда Нархоз Университетінде маңызды оқиға – Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті. Бұл студенттік қауымдастықтың дамуы үшін жасалған маңызды қадам, оның мақсаты – мәдениетаралық диалогты нығайту және жастар бастамаларын қолдау.
Іс-шара аясында Алматы қаласы бойынша «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің мүшелері университетке келіп, Ассамблеяның ашылуына арналған ресми кездесуге қатысты.
Құттықтау сөздерін КЕАҚ «Нархоз университеті» президенті Қанат Қожахмет және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Рустам Қайрыев сөйледі.
Алматы қаласы бойынша «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының орынбасары Омар Мохаммедсаруар ұйымның қызметі, мақсаттары мен студенттерге беретін мүмкіндіктері туралы айтып берді. Нархоз Университетінің студенттермен жұмыс офисінің жетекшісі Елікбай Қаби студенттік өмірді дамыту және жастар үшін қолайлы жағдай жасау жоспарларымен бөлісті.
Нархоз университетінің Студенттік Ассамблеясының төрайымы болып «Халықаралық қатынастар» факультетінің 3-курс студенті Малика Оспанова сайланды.
Студенттік Ассамблеяның ашылуы университеттегі жастар қозғалысының дамуы үшін маңызды кезең болмақ. Бұл студенттерге өзін-өзі дамытуға, идеялармен алмасуға және маңызды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Малика Оспанованы жаңа жауапты қызметімен құттықтаймыз және Студенттік Ассамблеяның жұмысына сәттілік тілейміз!