Жаңалықтар

Қыздарға арналған G&G атаулы стипендиясы

Нархоз Университеті мен Компания "G&G" (MaxMara, Fendi, Marina Rinaldi, Weekend MaxMara және т.б.) 2021жылғы Нархоз Университетіне оқуға түсуші барлық қыздарға төрт оқу жылына есептелген атаулы стипендиясын ұсынады❗

Ол үшін
1️⃣ Instagram желісіндегі @gg_almaty немесе @gg_nursultan парақшаларында жазылған байқау туралы хабарламаға репост жасап, пост материалын байқау біткенге дейін өз парақшасында сақтау керек.
2️⃣ 2021 ж. 15 тамызына дейін #хочустипендиюотgg #ggнархоз хэштегімен "Шабыт сыйлаған жандар. Қазақстан әйелдері" тақырыбына өз көзқарасын бейнематериалға түсіріп жариялау, Нархоз Университеті мен “G&G” компаниясының ресми парақшаларын белгілеу.
3️⃣ Құжаттардың түпнұсқасын қабылдау комиссиясына 15 тамызға дейін тапсыру.

Тәртібі. Бейнематериалдың ұзақтығы 1 минут. Бейне материалда қатысушы өзіне шабыт сыйлаған әйел бейнесін ашуы керек. Оның қасиеттерін және бұл қасиеттердің пайдалы жақтарын әңгімелеуі керек.

Жеңімпаз барлық оқу жылында (үлгерімге қатысты талаптарды орындаған жағдайда) ай сайын беріліп тұратын 40 000 теңге көлеміндегі атаулы стипендияға ие болады.