Жаңалықтар

Нархоз студенттері Жайдарманда және дебаттарда ең үздіктердің қатарында

14-24 ақпан аралығында «Нархоз құрамасы» Жайдарман командасы Астана қаласында өткен «Маусымашар 2025» фестиваліне қатысты. Қазақстан КВН Одағы ұйымдастырған ауқымды іс-шараға 200-ден астам команда қатысып, біздің студенттер құрамы керемет әзіл, ерекшелік және бірліктерін танытты.
«Нархоз құрамасы» фестивальдегі сәтті өнер көрсетуінің арқасында Qazaqstan CUP республикалық лигасына жолдама жеңіп алды, онда Алматыны қорғап шығады. Осы маусымда Алматының атын үш команда қорғайтын болады және біз Нархоз құрамасы солардың қатарында болатындығына мақтанамыз!
Ал 22-23 ақпан күндері Абая атындағы КазҰПУ-да өткен XXIII Республикалық дебат турнирі Atameken CUP-2025, Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған. Турнир «Толық адам» құндылықтарын ілгерілету аясында өтті және 250-ден астам қатысушы, 64 фракция мен 30-ға жуық төреші жиналды. Дебаттар жастар арасында сыни ойлауды, дәйекті талдауды және қоғамдық сөйлесуді дамытуға бағытталған.
Нархоз студенттерінің турнирдегі жетістіктері:

3-орын – «Жұт» фракциясы (Нархоз Университеті)

«Үздік спикер» – Нархоз студенті Мұхаммедали Алишбаев

1-орын (Оқушылар лигасы) – «730 ойында» фракциясы (Нархоз Университеті)
Нархоз Университетінің президенті Қанат Қожахмет жеңімпаздармен кездесіп, студенттерге олардың белсенділіктері, мақсатқа ұмтылулары және университеттік қауымдастықты дамытуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді. Ол жастардың осындай бастамаларға қатысуының маңыздылығын атап өтіп, мұндай жетістіктер тек студенттердің жеке дамуына ғана емес, сонымен қатар университеттің беделін арттыруға да септігін тигізетінін атап өтті.
Біз өз студенттерімізбен және олардың айрықша жетістіктерімен мақтанамыз! Бұл жеңістер тек бастамасы ғана, алда жаңа сынақтар мен жетістіктер күтіп тұр. Біздің командаларымызға республикалық деңгейде сәтті өнер көрсетіп және одан әрі жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз!