Жаңалықтар

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге тіркелу басталды!

📍Кешенді тестілеу ережелеріне қатысты қысқаша ақпарат:

1. Өтініштер Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы https://app.testcenter.kz/auth 1-15 қараша аралығында қабылданады.
2. Кешенді тестілеу 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында жүргізіледі.
3. Мемлекеттік грантқа Конкурс 13-25 желтоқсан аралығында өтеді.
4. Университетке қабылдау 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін жүргізіледі.

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі университет сайтында көрсетілген
(https://narxoz.edu.kz/admission/master)

Қосымша мәліметтерді Нархоз Университетінің қабылдау комиссиясынан +7 747 364 88 99 телефоны, admission@narxoz.kz электрондық поштасы арқылы немесе УЛК-2 ғимаратындағы 20 кабинетке келіп біле аласыздар. Мекен жайымыз: 1-ші шағын ауданы, 81.