Жаңалықтар

Қазақстанда 2025 жылы өтетін экономика пәнінен мектепішілік олимпиадаға тіркелу басталды

Narxoz университеті Economics Fundamentals Initiative (EFI) бастамасымен серіктестікте Қазақстан бойынша жоғары сынып оқушылары үшін үшінші Экономикалық олимпиаданың басталғанын мақтанышпен хабарлайды. Алдыңғы турлардың сәттілігінен кейін, биылғы онлайн өткізілетін мектеп турлары 2025 жылдың ақпан айында, ал республикалық тур 2025 жылдың 8 маусымында Narxoz университетінде өтеді деп жоспарланған .
Олимпиадаға үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қатысушылар қатыса алады. Дегенмен, ағылшын тілі бөлімінде ең үздік 5 қатысушы ғана Грекияда 2025 жылдың қыркүйегінде алдын ала жоспарланған халықаралық экономикалық олимпиадада Қазақстан атынан қатысу құқығын алады.
Тіркеу процесі:
  • Әр мектептен бір ғана өкіл (мұғалім немесе әкімшілік қызметкер) мектепті олимпиадаға тіркей алады, ол барлық қосымша мәліметтерді жеткізуге және мектеп оқушыларын мектеп бойынша турға тіркеуді ұйымдастыруға жауапты болады (ол 2025 жылдың ақпан айында болады).
  • Турларжайлы қосымша ақпарат мектеп үйлестірушілеріне жіберіледі.
  • Мұнда тіркелу сілтемесі бар , тіркеу 2025 жылдың 1 ақпанына дейін ашық.
2024 жылдың 2-3 қыркүйегінде Грекияда өткен Халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы тамаша нәтижелерге қол жеткізді:
  • Алтын: Илжанов Жәңгір «Дана» жекеменшік мектебінің 11-сынып оқушысы финалға шыққан бестіктің бірі болды.
  • Күміс: Томирис Оспан, Шоқан жекеменшік мектебінің 11 сынып оқушысы.
Үш қола медаль иегері :
  • Динара Нариман, Шоқан жекеменшік мектебінің 11 сынып оқушысы,
  • Санжар Қожахметов, Астана қаласы НИШ IB 12 сынып оқушысы
  • Камила Өтемұратова , Алматы қаласы НИШ ФМН 12 сынып оқушысы .
Бұл жетістіктер Қазақстандық оқушылардың керемет талантын көрсетеді және біз алдағы 2025 жылғы Олимпиадада Қазақстаннан бұдан да көп оқышулардың жарқырағанын асыға күтеміз.
Олимпиадаға қалай дайындалу керек:
Экономикалық олимпиадаға дайындалғысы келетін оқушылар келесі ресурстарды зерделеу ұсынылады:
1.«Common Sense Economics» кітабын тегін жүктеп алыңыз :
2.«Экономика принциптері», Н. Григорий Мэнкью кітабі.