Жаңалықтар

Нархоз университеті БҰҰ-ның серіктесі атанды

Осы аптада Нархоз Университеті мен Қазақстандағы БҰҰ өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. БҰҰ тарапынан құжатқа БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура мырза қол қойды, ал Нархоз Университетінің атынан - ректордың міндетін атқарушы Станислав Буянский.

Өзара түсіністік туралы меморандум келесі бағыттар бойынша бірлескен қызметті дамытудың құқықтық негізін құрайды: зерттеу, фандрайзинг, студенттердің БҰҰ-да тағылымдамадан өтуі, Нархоз Университетінің студенттері мен қызметкерлеріне БҰҰ-ң қызметкерлерінің дәрістері, сондай-ақ жалпы адами капиталды дамыту. Ынтымақтастықтың үйлестірушісі - Нархоз Университетіндегі Қазақстанның тұрақты даму орталығы және оның жетекшісі Брендан Дюпрей.

Қазақстан 2030 жылға дейінгі тұрақты дамудың күн тәртібін қабылдаған әлемдегі 193 елдің бірі болып табылады.Нархоз Университеті аталған күн тәртібін (тұрақты даму мақсаттары) іске асыруды қолдау мақсатында бірлескен ынтымақтастық бағытындағы елдегі алғашқы БҰҰ-ң серіктес университеті болып табылады.