Жаңалықтар

Narxoz Awards 2024: жетістіктер мен белсенділіктің мерекесі

2024 жылдың 16 қарашасында Нархоз университетінде жылдың ең маңызды іс-шараларының бірі – Narxoz Awards 2024 өтті. Жарқын іс-шараға оқу, спорт, волонтерлік қызмет пен көшбасшылықта белсенді түрде көзге түскен ең үздік студенттер жиналды.
Белсенді студенттерді Нархоз Университетінің президенті Қанат Қожахмет қарсы алып, олардың Нархоздың дамуына қосқан үлестерін атап өтіп, университет өміріне белсене қатысқандары үшін алғысын білдірді.
Ерекше назар спорттық жетістіктерге аударылды. Марапаттау рәсімінде футбол, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат және үстел теннисі бойынша бірінші курс студенттері арасындағы Нархоз президентінің Кубогының жеңімпаздары атап өтілді.
Сондай-ақ іс-шарада жаңа студенттік ұйым – «Кербез» би ансамблі таныстырылды.
Іс-шарада студенттер өздерінің білімдері мен университет туралы эрудициясын көрсеткен құнды сыйлықтары бар қызықты викторина да өтті.
Кештің шарықтау шегі марапаттау рәсімі болды. 250-ден астам студент алғыс хаттармен, дипломдармен, кубоктармен, статуэткалармен және арнайы сыйлықпен – Шарын каньонына саяхатпен марапатталды.
Марапатталғандардың арасында спортшылар, волонтерлер, көшбасшылар және студенттік ұйымдардың тәлімгерлері бар.

Ренат Мықышевтің музыкалық өнер көрсетуі және «Кербез» ансамблінің ұлттық флешмобы мерекенің жарқын финалына айналды.
Narxoz Awards 2024 тағы бір рет Нархоздың – студенттер өз таланттарын ашып, жаңа шыңдарға қол жеткізіп, өз еңбектері үшін мойындауға ие болатын орын екенін көрсетті.
Narxoz Awards 2024 тағы бір рет Нархоздың – студенттер өз таланттарын ашып, жаңа шыңдарға қол жеткізіп, өз еңбектері үшін мойындауға ие болатын орын екенін көрсетті.
2024-11-25 15:00