Жаңалықтар

Алматыда Russell Group британдық жоғарғы оқу орындарының тобынан Queen' s University Belfast филиалының кеңсесі ашылады

2024 жылдың қазан айының 17 күні Алматыдағы Нархоз университетінде «Өмір арқылы халықаралық білім беру» (International Education through Life) бизнес-форумы өтеді. Іс-шараны Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен және Нархоз Университетінің Экономика және менеджмент мектебімен ұйымдастырылды.
Іс-шара трансұлттық білім берудің дамып келе жатқан ландшафтын, тез өзгеретін әлемдегі болашағын талқылау мен зерттеу үшін халықаралық және жергілікті мүдделі қатысушыларды біріктіреді.
Бизнес-форум аясында Нархоз Университеті базасында Queen' s University Belfast кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті. Ұлыбританияның ең көне жоғары оқу орындарының бірі болып табылатын Британ университет - QS World University Rankings 2024 әлемдегі ең үздік университеттер рейтингіне және Russell Group британдық көшбасшы жоғары университеттер лигасына кіреді.
«Менің таң қалатыным, бір жыл көлемінде біздің серіктестік қарым-қатынастарымыз қарқынды дамыды, қос дипломдық жоба туралы келісімнен бастап Қазақстанда білім саласында институционалдық негізде қатысуға дейін ұласты, бұл– ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен қарым-қатынастың тұрақтылығына деген міндеттемелерді орындау мен қызығушылық тудырғандығы туралы айтады. Нархоз бен Queen ' s University Belfast арасындағы ынтымақтастық барлық салаларда уақыт сынақтарына дайын, әр салада тиімді көшбасшыларды дайындауға мүмкіндік береді»,– деді Венди Уоринг (Макнайт), Queen ' s University Belfast халықаралық серіктестік менеджері.
Естеріңізге сала кетсек, Нархоз Қазақстан мен Орталық Азиядағы Queen ' s University Belfast-пен институционалдық әріптестік орнатқан алғашқы университет болды. Қазақстандық және британдық жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы осы жылдың басында келісімге қол қойып, Экономика және менеджмент мектебінде бакалавриат бағдарламасы бойынша Queen ' s University Belfast-пен қос диплом бағдарламасының ашылуымен басталды.
«Нархоз кампусында ашылған Queen' s University Belfast филилалының кеңсесі білім ашулылардың кәсіби және жеке тұлға ретінде дамуға ұмтылатын талантты және ынталы жастар үшін тартымдылық орталығына айналады. Бұл біздің оқу орнымызды трансформациялаудың жаңа кезеңі ғана емес, сонымен қатар біздің университеттің де, қазақстандық білім берудің де ұстанымы мен беделін нығайтуға жасалған маңызды қадамы», – деп атап өтті Университет президенті Қанат Қожахмет.
Келісім студенттерге «2+2» форматында екі диплом алуға мүмкіндік береді. Түлектер Британдық университеттен BSC Business Management, BSC Business Economics немесе BSc Finance дәрежесі бар диплом, Нархоз университетінен Bachelor of Business Administration дәрежесі бар диплом, сондай-ақ Британдық компанияларда тағылымдамадан өту және жұмысқа орналасу мүмкіндігін алады.
«Біз білім беру бағдарламаларын жетілдіруді жалғастырамыз. Студенттер үшін білім беру мүмкіндіктерін дамытуға және кеңейтуге үнемі ұмтыла отырып, үздік оқытушыларды шақыртып және әлемдік жоғары оқу орындарымен берік байланыс орнатамыз», - деді Экономика және менеджмент мектебінің директоры Дильбар Гимранова, сонымен қатар ол қазақстандық және британдық жоғары оқу орындарының ынтымақтастығының алғашқы жетістіктерімен бөлісті.
Осылайша, оқытушы Мұқан мөлдір және Нархоз Университетінің ғылыми-зерттеу жұмысы бөлімінің қызметкері Әлішер Сансызбай Queen's University Belfast университетінде «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығынан «500 ғалым» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуде. Экономика және менеджмент мектебінің үш студенті: Ұлан Доссов, Анель Достанова, Жұлдыз Жұмағұл грантты жеңіп алып, BBA in Finance бағыты бойынша қос диплом бағдарламасы бойынша білім алуда.
Нархоз университеті батыс еуропалық жетекші жоғары оқу орындарымен қос дипломдық басқа бағдарламаларымен де жұмыс жасауда, атап айтсақ – Hof University of Applied Sciences (Германия), Mykolas Romeris University (Литва), La Roсhelle (Франция) және Penn State University (АҚШ).