Нархоз университеті " G&G "компаниясымен бірлесіп жазғы кезеңде талапкер қыздарға атаулы шәкіртақылар ұтыс ойынына конкурс өткізді. Оның шарты бойынша қатысушылар "Шабыттандыратын Қазақстан әйелдері" атты минуттық бейне-ролик түсіріп, оны өздерінің Instagram-аккаунттарына жариялауы қажет болды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз-Тойшыбекова Вилана таңдалды. Ол серіктестерден 40 000 теңге көлемінде ай сайынғы стипендияның иегері болды. Сонымен қатар, бір реттік стипендия форматында 100 000 теңге сыйақымен 3 жүлделі орын ойнатылды. Стипендиаттар: Абдурашитова Әсем Аншакова Әсем Түсіпқалиева Алтынай болды.