Жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күні: 8 наурыз Нархоз университетінде қалай атап өтілді

6 наурыз күні Нархоз университетінде Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Студенттік істер басқармасы мен белсенді студенттік қауымдастық бірнеше ерекше және креативті тосынсыйлар дайындады.
Таңертеңгілік жылулық пен қуанышқа толы ерекше қарсы алудан басталды. Бас кіре берісте университеттің ханымдары мен аруларын гүлдермен, тәттілермен құттықтап ашық хаттарын қолдарына ұстаған «ерлер дәлізі» қарсы алды. Фотоаймақта қонақтарға саксофоншы мен скрипкашы әсем әуен сыйлап, жылы және толқытатын музыкалық атмосфера қалыптастырды. Сондай-ақ, смокинг киген нағыз джентльмен – Арыстан мерекеге ерекше сән қосты.

Университет хабында дәстүрлі қолөнерге арналған шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Студенттік Jarqyn ұйымының бисер моншақтарымен әшекей бұйымдар жасау шеберлік сабағында қатысушылар ерекше зергерлік бұйымдар жасады. Ал Enactus ұйымы өз жұмыстарын көрсетті киізден кәдесыйларды тігуді үйрететін шеберлік сабағы қатысушыларды дәстүрлі қазақ қолөнерімен таныстырып, әрбір адамға өз қолымен әдемі бұйым жасау мүмкіндігін берді. Сонымен қатар, тілектер тақтасына әркім өзінің жылы лебіздері мен құттықтауларын қалдыра алды.
Мерекелік шараның шарықтау шегі – музыкалық қойылымдар, билер және құттықтаулармен өрнектелген концерт болды. Бұл кеш көрермендерге ерекше қуат пен жағымды эмоциялар сыйлап, шығармашылықтың, бірліктің және қуаныштың нағыз символына айналды.
Бұл мерекелік іс-шаралар барлық қатысушыларға ұмытылмас әсер мен жағымды көңіл-күй сыйлады. Студенттер мен оқытушылардың белсенділігі, сондай-ақ ұйымдастырушылардың еңбегі әрбір сәтті ерекше және есте қаларлықтай етті.
2025-03-12 15:18