Жаңалықтар

Marriott қонақ үйіндегі дуалды бағдарлама: Гуманитарлық мектеп студенттер үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді

Студенттер Нархоз университетінің Гуманитарлық мектебінде дуалды бағдарлама бойынша әлемдік деңгейдегі қонақ үйлерде оқыту, практикадан өту және стажировкадан өту мүмкіндігіне ие.

Биыл дуалды бағдарлама қонақжайлылық индустриясындағы жаңа серіктеспен толықты.

Студенттер әлемдегі ең ірі қонақ үй желілерінің бірі – Marriott International-да, Dubai Marriott Harbour Hotel & Suites қонақ үйінде теориялық және практикалық білім алу мүмкіндігіне ие. Бағдарлама халықаралық қонақ үйді басқаруға мүдделі студенттердің қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып жасалған. Бұл қонақжайлылық ұстанымдарының әртүрлі дәрістер-курстар аясында және тәжірибе арқылы да игеруге мүмкіндік береді.

Бағдарламаны игергеннен кейін студенттер:
  • қонақ үй қызметтерін басқару саласындағы Front Office, F & B, Housekeeping, Kitchen және т. б. негізгі стандарттарды білетін болады;
  • қонақ үй қонақтарына қызмет көрсетуді ұйымдастыру дағдыларын келесі бағыттар бойынша көрсете алады: тамақтандыруды ұйымдастыру, бөлмелерді жинау, қонақтардың кіріс-шығыстарын (check-in и check-out) тексере алу, қосымша қажетті қызметтер көрсету және т. б. дағдылар;
  • қонақ үй қонақтарына арналған салтанатты іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге дайын болады;
  • қоғамдық орталарда қонақ үй имиджін сақтай алуы;қонақ үй қызметін ұйымдастыруды талдауға және оны дамытуға ұсыныстар беретін дәрежеге жетеді.

Нархоз университетінің Гуманитарлық мектебінің дуалды бағдарламасы сондай-ақ серіктестермен жүзеге асырылады – The Ritz-Carlton, Astana, The Ritz-Carlton, Almaty, Rixos Borovoe, Global Air және Air Astana.
2024-10-29 11:12