Жаңалықтар

Қазақстанда «ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» конкурсы өтеді. Қалай қатысуға болады?

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Конкурс Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен 2015 жылы бекітілген.

Кәсіби сайыстың бірінші кезеңі 2024 жылғы 1 қарашада басталып - 11 қарашаға дейін жалғасады. Қатысуды ұйымдастыру ережелеріне және қосымшаларға сәйкес қатысу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының штаттық оқытушылары құжаттарын ҚР ҒЖБМ Ақпараттық жүйесі (universitycontest2024.iac.kz) арқылы тапсыруы тиіс:

  • «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсына қатысуға өтінім үлгісі;
  • Соңғы 5 жылдағы сапалық және сандық көрсеткіштер туралы мәліметтер;
  • Жұмыс кестесінің жылдық жоспары;
  • Кадрлық есеп парағы;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Бірінші кезеңге қатысушыларды шақыру 12-15 қараша аралығында өтеді.

Конкурстың екінші кезеңі 2024 жылдың18 қарашасында басталып, 2024 жылдың 13 желтоқсанына дейін жалғасады.

Сонымен қатар, ҚР ҒЖБМ Ақпараттық жүйесін пайдалану бойынша нұсқаулық Universitycontest2024.iac.kz сайтында жарияланады.

Сіздің өтінімдеріңізді күтеміз!
2024-10-14 17:00