CIMA Business Game байқауында жеңіске жеткен студенттерімізді құттықтаймыз!
Біздің университетіміздің студенттері бірінші орынға ие болды! Оларды атап айтсақ: Игибаева Арайлым, Бекбосынова Аружан, Батырбек Зарина және Самарбекова Диляр.
The CIMA Global Business Game — бұл жыл сайын бакалавриат студенттері арасында және бизнес, қаржы, менеджмент саласына қатысты өтетін халықаралық байқау. Байқау онлайн режимінде өтті, басты талап - жоба қорғау болды. Студенттеріміз ұсынған жоба тақырыбы “YJ Oil&Gas” деп аталды.
CIMA байқауы – өзіңді танытуға, бизнес-білімдеріңді практикада көрсетуге, кәсіби ортаңды кеңейтуге, жаңа достар табуға, халықаралық сертификат алуға, қызықты сыйлықтар мен танымал жұмыс берушілерден тартымды ұсыныстар алуға таптырмас мүмкіндік.