Жаңалықтар

Төрт жыл ішінде үш диплом, оның екеуі еуропалық: Нархоз және Mykolas Romeris University жаңа бағдарламалар әзірлеуде

Жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы студенттер мен оқытушылар үшін академиялық және ғылыми мүмкіндіктерді кеңейтеді.
Нархоз университетінің делегациясы және MRU заң мектебінің өкілдері. Университеттің баспасөз қызметі мұрағатынан алынған сурет.
Оқу жылының басталуы қарсаңында Нархоз университетінің делегациясы құрамында Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің директоры Талғат Сәрсенбаев, директордың орынбасары Күләш Айдарханова және халықаралық даму және әріптестік департаментінің директоры Әйгерім Райымжанова Литвадағы Mykolas Romeris University (MRU) серіктестік ЖОО-да болып, екі ЖОО арасындағы уағдаластықтарды кеңейту мәселелері мен мүмкіндіктерін талқылады.
Нархоз университетінің қазақстандық делегациясы MRU ректоры Инга Жалененемен кездесуде. Университеттің баспасөз қызметі мұрағатынан алынған сурет
Естеріңізге сала кетейік, университеттер арасындағы ынтымақтастық 2020 жылы Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің студенттеріне арналған бірлескен бағдарламаларды әзірлеуден және іске қосудан басталды. Жақында болған сапар аясында тараптар серіктестікті дамытудың жаңа векторларын қарастырды. Университеттер «Халықаралық құқық» бағыты бойынша магистратураның бірлескен білім беру бағдарламасын әзірлеуге келісті.
Сондай-ақ серіктестік жаңа сатыға шығуда. Енді Нархоз және MRU қазақстандық студенттерге оқу мерзімінде екі еуропалық диплом алу мүмкіндігін ұсынады.
«Халықаралық фокус және заңгерлердің өзгеретін қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті – бұл Миколас Ромерис университетінің Құқық мектебі мен НАРХОЗ Университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебін біріктіретін ерекше қасиет. Ағылшын тіліндегі жоғары бағаланған Law+ бағдарламаларымен, тәлімгерлік бағдарламасымен, эксперименттік оқытумен және инновациялық тәсілімен біздің құқық мектебіміз Орталық Азиядағы ең табысты жеке университеттердің бірімен серіктестігін нығайтатынына қуаныштымын. Бұл жақын арада заңгерлер мен болашақ көшбасшылардың жаңа буынына жол ашатынына сенімдімін», - дейді MRU Құқық мектебінің деканы Лира Якулявичене.
Талғат Сәрсенбаев пен Лира Якулявичене. Университеттің баспасөз қызметі мұрағатынан алынған сурет
Нархоздың бакалавриат және магистратура студенттері қазақстандық және еуропалық жоғары оқу орындарының дипломын ала алады, сондай-ақ оқыту шеңберінде жетекші еуропалық компанияларда тағылымдамадан өте алады.
Осы келісімдерден басқа Еуропалық одақтың бірлескен білім беру бағдарламаларына қатысушылар үшін стипендия түрінде гранттық қаржыландыруды тарту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
«Білім беруді интернационалдандыру Нархозды дамытудың стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады. Осы бағытты іске асыру шеңберінде университет пен құқық және мемлекеттік басқару мектебінің басшылығы әріптес жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту бойынша қажетті жағдайлар жасайды. Қол жеткізілген уағдаластықтар студенттерімізге тек MRU – да ғана емес, басқа да жетекші еуропалық университеттерде серіктесіміз арқылы білім алуға кең мүмкіндіктер ашады», - деп атап өтті Нархоз Университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің директоры Талғат Сәрсенбаев.
Нархоздың әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен серіктестігі студенттерге академиялық ұтқырлық үшін жаңа бағыттар ашады және серіктестердің білім беру бағдарламалары мен тағылымдамаларға қол жеткізеді, ал оқытушылар өздерінің ғылыми қызметін кеңейтуге мүмкіндік алады.
Mykolas Romeris University әлемдік үздік құқық мектептерінің топ-250 құрамына кіреді, QS by Subject рейтингі бойынша 200-300 орынды иеленген, БҰҰ Peace тұрақты даму мақсаты бойынша 16- шы орында, Justice and Strong institutions («Бейбітшілік, Әділдік және Тиімді Институттар») Times Higher Education Impact Rankings рейтингінде.
MRU кампусы. Университеттің баспасөз қызметі мұрағатынан алынған сурет
Нархоз университеті түлектердің сұранысы бойынша QS рейтингінде топ-200 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Университеттің құқық және мемлекеттік басқару мектебінің білім беру бағдарламалары дәстүрлі түрде түлектердің 100% жұмыспен қамтылуымен көшбасшылық позицияларға ие. Студенттер тәжірибеге бағытталған білім алады, нақты сот тыңдауларына қатысады, өзекті және прецеденттік жағдайларды қарастырады, осылайша университетте оқып жүргенде де өз құзыреттерін кеңейтеді және өздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Бағдарламаларға қабылдау келесі жылдың қаңтарынан бастап жүзеге асырылады.