«Халықаралық фокус және заңгерлердің өзгеретін қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті – бұл Миколас Ромерис университетінің Құқық мектебі мен НАРХОЗ Университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебін біріктіретін ерекше қасиет. Ағылшын тіліндегі жоғары бағаланған Law+ бағдарламаларымен, тәлімгерлік бағдарламасымен, эксперименттік оқытумен және инновациялық тәсілімен біздің құқық мектебіміз Орталық Азиядағы ең табысты жеке университеттердің бірімен серіктестігін нығайтатынына қуаныштымын. Бұл жақын арада заңгерлер мен болашақ көшбасшылардың жаңа буынына жол ашатынына сенімдімін», - дейді MRU Құқық мектебінің деканы Лира Якулявичене.
«Білім беруді интернационалдандыру Нархозды дамытудың стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады. Осы бағытты іске асыру шеңберінде университет пен құқық және мемлекеттік басқару мектебінің басшылығы әріптес жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту бойынша қажетті жағдайлар жасайды. Қол жеткізілген уағдаластықтар студенттерімізге тек MRU – да ғана емес, басқа да жетекші еуропалық университеттерде серіктесіміз арқылы білім алуға кең мүмкіндіктер ашады», - деп атап өтті Нархоз Университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің директоры Талғат Сәрсенбаев.