«Нархоз Университетінің Хоф университетімен бірлескен қос диплом бағдарламалары студенттерге
мансаптық өсудің бірегей мүмкіндіктерін ашады. Бұл серіктестік жоғары оқу орындарының
студенттерге кеңейтілген академиялық мүмкіндіктер мен жаһандық білім беру тәжірибесін ұсынуға
деген ұмтылысын көрсетеді», – деп атап өтті Хоф университетінің информатика факультетінің деканы
Андрей Бахман.
«Егер осы еуропалық жоғары оқу орнының даму стратегиясын егжей-тегжейлі қарастыратын болсақ,
Хоф университеті басымдықтары бойынша Нархоз университетіне өте ұқсас. Жаһандық қолданбалы
білім алу, талантты жастарды тарту және серпінді даму – бұл Германия мен Қазақстанның екі жоғары
оқу орнын біріктіретін нәрсе. Қос диплом бағдарламасы студенттерімізге сұранысқа ие қазақстандық-
германдық білім алуға, Германиядағы танымал компанияларда тағылымдамадан өтуге және неміс тілін
үйренуге мүмкіндік береді», - дейді Нархоз Университетінің экономика және менеджмент мектебінің
директоры Дильбар Гимранова.