Жаңалықтар

2021 жылдың 25-27 қарашасы аралығында «ҚБТУ-2021 шахмат семестрі» жоғары оқу орындары арасында шахматтан ашық Республикалық командалық турнирі өтті. Ережеге сәйкес Narxoz университеті 2 команданы ұсын

2021 жылғы 25-27 қараша аралығында Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғимаратында жоғары оқу орындары арасында "ҚБТУ-2021 шахмат семестрі" ашық Республикалық командалық шахмат турнирі өтті. Турнир швейцарлық жүйе бойынша 9 турда өткізілді. Уақытты бақылау-әр қатысушыға 15 минут және әр қадам үшін 10 секунд. Жарыс ФИДЕ халықаралық шахмат федерациясының ережелері бойынша өтті.


Ережеге сәйкес Нархоз университеті 2 команданы ұсынды: Нархоз-1 және Нархоз-2. Нархоз-1 командасы үшін 1 курс студенттері Ерғалиұлы Заманбек және Турутин Даниил, Ақжолтай Маржан – 2 курс студенті, Елтузер Асылбек – 3 курс студенті ойнады.

Нархоз-2 командасы үшін 1 курс студенттері Мәмбет Алмат, Қасен Дамир, Бегалиев Али және Рахметулла Аяулым ойнады. Турнир қорытындысы бойынша Нархоз-1 командасы 14 орын, ал Нархоз-2 командасы 12 орын алды.


Жеке біріншілікте 1 курс студенті Ерғалиұлы Заманбек мықтылар арасында бірінші тақтада ойнап, 2 орынға ие болды. Турнирге барлығы 24 команда қатысты. Шахмат турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды. Команда жаттықтырушысы: пәнаралық бағыт орталығының аға оқытушы жаттықтырушысы, "дене шынықтыру" пәні - Утегенов Мурат Калибаевич.


Біздің команда жаттықтырушысын және студент Ерғалиұлы Заманбекті тамаша нәтижемен құттықтаймыз! Біздің шахматшыларымызға алдағы жарыстарда тек қана жеңістер тілейміз!