Жаңалықтар

Студенттерге ОНЛАЙН қызмет көрсету орталығы

Студенттерге ОНЛАЙН қызмет көрсету орталығы
Енді университетке құжат немесе транскрипт алу үшін келудің қажеті жоқ! Нархоз университеті жаһандық өзгерістерге ілесіп, жаңа цифрлық мүмкіндіктерді жан-жаққа енгізуде. Нархоз университеті студенттерге Banner Student, Online Library және онлайн корпоративті жұмыс жүйесі сияқты цифрлық мүмкіндіктерді ұсынады.
Цифрлық университетті жүзеге асырудың тағы бір қадамы ретінде студенттерге онлайн қызмет көрсету орталығы ұйымдастырылды.
Бұл жерде сіз оқу процесіне қатысты барлық жауаптарды, сонымен қатар қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ ала аласыз.