2025 жылдың 20-24 қаңтарында Нархоз университеті мен «Galym Project» ҚҚ бірлесіп «Ғылыми зерттеулер: идеядан жүзеге асыруға дейін» тақырыбында Қысқы ғылыми мектеп өткізді.
Іс-шараға Қазақстанның түрлі аймақтарынан 50-ге жуық студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар мен зерттеушілер қатысты.
Мектептің бағдарламасы ғылыми зерттеулер жүргізудің негізгі аспектілеріне арналған дәрістер, шеберлік сыныптары, интерактивті сессиялар мен топтық тапсырмалардан тұрды. Негізгі назар ғылыми зерттеулерді қаржыландыру механизмдеріне, зерттеу әдістемесіне, жариялау стратегиясына, гранттық өтінімдерді дайындауға және зерттеулердің этикалық аспектілеріне аударылды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар өздерінің ғылыми қызығушылықтарына сәйкес ғылыми мақалалар мен жобалық өтінімдер концепцияларын әзірледі.